Құрама қазанның 12-17 күндері Алматыда соңғы оқу жаттығу жиынын өткізген болатын. Бас бапкер Нелли Щербакованың айтуынша, бұл дүбірлі додаға негізгі құрамдағы 2 ойыншы қатыса алмайды. Бұл айтарлықтай қиындық болғанымен, әр ойыншыға барынша өз күшін жұмылдырып, қандай қиындық болса да оны еңсеруге жігерлендіреді. Бұл дүбірлі додада ел намысын 14 спортшы қорғайды. Олар — Сана Жарлағасова, Наталья Жукова, Ольга Наседкина, Коринна Ишимцева, Олеся Арсланова, Елена Эзау, Марина Стороженко, Юлия Куцко, Ирина Зайцева, Инна Матвеева, Людмила Анарбаева, Ольга Дробышевская, Ирина Лукомская мен Алена Омельченко.
«Спорттық қоғамдастықтардың ішінде мүшелері ең көп ұйым Халықаралық волейбол федерациясы. Ол 281 ұлттық федерацияның басын біріктіреді. Спорттың бұл түрін белсенді ойнап жүргендер 70 ел ғана, ал қалған 150-ден астам мемлекетте бұл спорт енді ғана дамып келе жатыр. Жалпы Халықаралық волейбол федерациясына мүше елдер 5 санатқа жіктеледі. Қазақстан оның 4-сіне кіреді», дейді ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.