Волейболдан "Тайланд ханшайымы кубогы" халықаралық турнирінің іріктеу кезеңінде "А" тобындағы барлық кездесу 3:0 есебімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан "Тайланд ханшайымы кубогы" халықаралық турнирінің іріктеу кезеңінде "А" тобындағы барлық кездесу 3:0 есебімен аяқталды

Волейболдан "Тайланд ханшайымы кубогы" халықаралық турнирінің іріктеу кезеңінде "А" тобындағы барлық кездесу 3:0 есебімен аяқталды

Волейболдан Таиландтың Накхонкратешсима (Nakhonratchasima) қаласында өтіп жатқан "Тайланд ханшайымы кубогы" XV халықаралық турнирінің ширек финалында қазақстандық қыздар ертең перулік құрбыларымен сайысқа түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 14 Маусым 2010
  • 421
Фото - Caravan.kz

Маусымның 11-і күні басталған бұл турнирде ел намысын Талдықорғанның «Жетісу» командасы қорғап жатыр. Нелли Щербакованың шәкірттері іріктеу кезеңінде «А» тобында сынға түсті. Олар алдымен Индонезияны (25:19, 25:15, 25:11), одан кейін Тайпей (25:12, 25:13, 25:17) мен Тайландты (25:16, 25:18, 30:28) 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Бүгін командалар бір күн тынығып, ертең ширек финалдық кездесулерін өткізеді. Онда «жетісулықтар» Перудің жастар құрамасымен күш сынасады. Олар іріктеу кезеңінде алғашқы ойында Вьетнам спортшыларынан (0:3) ұтылып, ал екінші ойында үндістандықтардан (3:0) басым түскен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера