Волейболдан Ұлттық лигадаға әйелдер командалары арасындағы 5 турды көшбасшылар сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лигадаға әйелдер командалары арасындағы 5 турды көшбасшылар сәтті бастады

Волейболдан Ұлттық лигадаға әйелдер командалары арасындағы 5 турды көшбасшылар сәтті бастады

«Эверест» спорт кешенінде Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында волейболдан Қазақстан чемпионатының 5-туры өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күні турнир кестесіндегі үздік үштік қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.

  • 29 Наурыз 2011
  • 360
Фото - Caravan.kz

Атап айтқанда Алматы облысының «Жетісуы» Теміртау қаласының «Металлург АМТ», Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» Алматы қаласының «Алматы» командасын 3:0, ал қарағандылықтар астаналықтарды 3:1 есебімен ұтты. Бүгін енді «Жетісу» мен «Ертіс-Қазхром», «Алматы» мен «Қарағанды» және «Металлург АМТ» мен «Астана» волейболшылары кездеседі.

Ел чемпионатында бұған дейінгі 4 турдың қорытындысы бойынша үздік үштікке «Жетісу» (39 ұпай), «Ертіс-Қазхром» (33 ұпай), «Қарағанды» (33 ұпай) командалары енген болатын. Өзге командалар олардан айтарлықтай артта келе жатыр. Мәселен астаналықтардың қоржынында — 29 ұпай, ал алматылықтарда — 25, теміртаулықтарда — 21 ұпай бар. 28 наурызда басталған 5-тур ойындары 2 сәуірде аяқталады. Жалпы ел чемпионаты айналым жүйесі бойынша 6 турдан екенін ескерсек, турнир кестесінің екінші жартысындағы командалардың көшбасшыларды қуып жетуі қиын болмақ.