Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының ақтық турында «жетісулықтар» жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының ақтық турында «жетісулықтар» жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының ақтық турында «жетісулықтар» жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ХХ Қазақстан чемпионатының 6-турында Алматы облысының «Жетісу» командасы Талдықорғандағы Жастар спорт сарайында өз жанкүйерлеріне жеңіс сыйлаудан танбауда.

  • 6 Сәуiр 2012
  • 472
Фото - Caravan.kz

Олар турнир кестесінде үздік үштіктің қатарында келе жатқан «Астана», «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) мен көш соңындағы «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) волейболшыларына бірде-бір ұпай ұстатқан жоқ. Бүгін онда барлық командалар демалыс алды.

Алғашқы 3 күннің қорытындысы бойынша Қарағанды облысының спортшылары Павлодар облысының волейболшыларымен аралдағы ұпай айырмасын 7-ден 1-ге дейін қысқартып, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Қазір «Жетісуда» — 63, «Астанада» — 45, «Ертіс-Қазхромда» — 32, «Қарағандыда» — 31, «Алматыда» — 26, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыста» — 6 ұпай ғана бар. Бұл турда әзірге павлодарлықтар мен өскемендіктер ғана өз қоржынына бірде-бір ұпай қоса алмауда. 3 сәуірде жалауы көтерілген бұл дода алдағы сейсенбіде өз мәресіне жетеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера