Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-туры өтеді

Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 3-туры өтеді

Павлодарда 8-13 ақпан күндері Орталық стадионның спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-туры өтеді.

  • 7 Ақпан 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Ел чемпионатының алғашқы 2 туры бұған Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде өткен болатын. Турнир кестесінде қазір 20 ұпаймен Алматы облысының "Жетісуі" көш бастап келеді. Үздік үштікке Павлодар облысының "Ертіс-Қазхром" (17 ұпай), Қарағанды облысының "Қарағанды" (15 ұпай) командасы еніп отыр. Ал "астаналықтар" мен "алматылық" волейболшылар 14 ұпаймен 4-5 орынды бөліссе, Теміртаудың "Металлург АМТ" командасы 10 ұпаймен турнир кестесін түйіндеп тұр.

Павлодарлықтар өз алаңындағы алғашқы ойынын алматылықтармен өткізеді. Жалпы 3-тур ойындары "Қарағанды" — "Астана" және "Жетісу" — "Металлург АМТ" командаларының кездесуімен басталады. Ал жарыстың ақырғы күні "Алматы" мен "Жетісу", "Қарағанды" мен "Металлург АМТ" және "Астана" мен "Ертіс-Қазхром" өзара сайысқа түсетін болады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера