Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасындағы ел чемпионатының 3-турында 2 команда ғана жеңіліссіз келе жатыр

Волейболдан Астанада Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында өтіп жатқан ХХ Қазақстан чемпионатының 3-турында да «жетісулықтар» турнир кестесінде көшбасшылық тізгінді ешкім берер емес.

  • 19 Қаңтар 2012
  • 358
Фото - Caravan.kz


Алғашқы 3 кездесудің қорытынды бойынша қазір Алматы («Жетісу») мен Қарағанды облыстарының («Қарағанды») спортшылары ғана жеңілссіз келе жатыр. Жетісулықтар Павлодар облысының «Ертіс-Қазхром» мен алаң қожайындарының «Астана» командаларын 3:0 есебімен ұтты. Ал қарағандылықтар алматылықтар («Алматы») мен өскемендіктерді («Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») 3:1, теміртаулықтарды («Металлург АМТ») 3:2 есебімен ұтты. Бүгін енді жеңіліссіз келе жатқан екі команданың арасындағы жеңімпаз белгілі болады. Онда қарағандылықтарға қарағанда жетісулықтардың мүмкіндігі мол. Өткен маусымда ел чемпионы атанған Алматы облысының волейболшылары биылғы жылды сәтті бастады. Бүгін сондай-ақ «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» пен «Астана» командалары да өзара күш сынасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера