Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша өз қоржынына «Алматы» — 5, «Атырау», «ТНК Қазхром» (Хромтау) және «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (Өскемен) — 4, «Есіл» (Қызылжар) — 1 ұпай салса, «Конденсат» (Орал) бірде-бір ұпайға ие бола алмады.
Бүгін алматылықтар — өскемендік, хромтаулықтар — оралдық, атыраулықтар қызылжарлық волейболшылармен кездеседі. Чемпионаттың алғашқы 4 турында «Алматы» — 53, «ТНК Қазхром» — 46, «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» — 27, «Атырау» — 23, «Есіл» — 17, «Конденсат» 14 ұпай жинаған еді. Турнир кестесінің екінші жартысындағылардан атыраулықтар ғана үшінші орын үшін өскемендіктермен таласуға мүмкіндігі бар. Ал алматылықтарды енді хромтаулықтардың қуып жетуі неғайбіл.