Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының көшбасшылары Атырауда өзара күш сынасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының көшбасшылары Атырауда өзара күш сынасуда

Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасындағы ел чемпионатының көшбасшылары Атырауда өзара күш сынасуда

Атырауда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХХI Қазақстан чемпионатының 4-ші туры өтіп жатыр.

  • 7 Наурыз 2013
  • 389
Фото - Caravan.kz

Кеше алғашқы ойында Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылысы» Оралдың Конденсатына» үшінші рет 0:3 боп ойсырай ұтылды. Олар бұған дейін тек бір кездесуде ғана 3:2 есебімен жеңген еді. Ал Хромтаудың «ТНК-Қазхромы» павлодардықтардан екінші рет 3:1 есебімен басым түсті. Олар бұған дейін 2 ойында 1:3, 0:3 боп жеңіліс тапқан болатын. Ал «атыраулықтар» Қызылжардың «Есілін» тағы да сүріндірді. Олар бұған дейін 2 кездесуде ұтқан еді.

Қазір турнир кестесінде 18 ойыннан кейін 41 ұпаймен «алматылықтар» көш бастап келе жатыр. Одан бір ойыны артық «ТНК Қазхром» (38 ұпай), «Атырау», «Конденсат», «Павлодар» (31 ұпайдан), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (14 ұпай) және «Есіл» (12 ұпай) командалары 2-7 орындарды өзара бөлісуде. Төртінші турдың ақтық ойындары 13 наурыз күні өтеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера