Волейболдан жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Оралдың «Жайық-Конденсаты» үшінші, «Грация-KZ» командасы бесінші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Оралдың «Жайық-Конденсаты» үшінші, «Грация-KZ» командасы бесінші орында келеді

Волейболдан жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігінде Оралдың «Жайық-Конденсаты» үшінші, «Грация-KZ» командасы бесінші орында келеді

Ерлердің А жоғары лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігінде Оралдың «Жайық-Конденсат» командасы үшінші орында келеді.

  • 2 Желтоқсан 2010
  • 465
Фото - Caravan.kz

Бірінші турдан кейін Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрты» 21 ұпаймен көш бастаса, Астананың «Ұшқын-Искрасы» 17 ұпаймен екінші орынға жайғасқан болатын. Қоржынында 13 ұпайы бар оралдықтар Павлодар қаласында 4-10 желтоқсан аралығында өткізілетін екінші турда сәтті ойнаса, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуына мүмкіндіктері бар. Бұл топта барлығы сегіз команда өнер көрсетуде.

Қазір ел құрамасында ойнап жүрген Сана Жарлығасованы тәрбиелеп шығарған оралдық «Грация-KZ» әйелдердің жоғары лига командалары арасында ХІХ ҚР чемпионатына қатысуда. Мұнда бірінші турдан кейін Өскеменнің «Шығыс-СвинецСтрой» командасы 17 ұпаймен қара үзіп келе жатса, «Грация-KZ» 9 ұпаймен бесінші орында. Барлығы он команда өнер көрсетіп жатқан жоғары лигадағылар екінші турды Алматы қаласындағы О.Жарылғапов атындағы спорт кешенінде 3-8 желтоқсанда өткізеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера