Волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтеді

Волейболдан жоғары лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 3-туры өтеді

Алматыда 24-29 ақпанда волейболдан жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 3-туры өтеді.

  • 23 Ақпан 2012
  • 349
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша Жоғарғы лигадағы 12 команда топтарға бөлінген болатын. Енді 24-28 ақпанда 1-6-ншы орындарды алғандар Алматыда, ал 7-12-нші орындарды иеленгендер Өскеменде күш сынаспақ.

Ертең Алматыда Қостанай қаласының «Қостанай» мен Қарағанды облысының «Қарағанды-2», Теміртау қаласының «Спартак АМТ» мен Алматы қаласының «Алматиночка» және Оралдың «Грация» мен Павлодардың «Қазхромы» кездеседі. Ал Өскеменде Астананың «Астана-2» мен Талдықорғанның «Жетісу-2», Алматының «ҚазЭУ» мен «ЦСКА-ВКС» және Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» пен Шымкенттің «Қазығұрт» командалары өзара сайысқа түседі.