Волейболдан Жоғары лиганың әйелдер командалары арасында теміртаулықтар ел чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғары лиганың әйелдер командалары арасында теміртаулықтар ел чемпионы атанды

Волейболдан Жоғары лиганың әйелдер командалары арасында теміртаулықтар ел чемпионы атанды

Қарағандыда 20-26 сәуір күндері волейболдан Жоғарғы лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының ақтық 5-туры өтті.

  • 27 Сәуiр 2012
  • 330
Фото - Caravan.kz

Онда негізгі қарсыласынан 20 ұпайға дейін ұзап кеткен Теміртаудың «Спартак АМТ» командасы ел чемпионы атанды. 25 ұпай жинаған қостанайлықтар күміс, ал олардан 2 ұпайға қалып қойған оралдықтар («Грация») қола жүлдені иеленді.Одан кейінгі орындарды Павлодардың «Қазхром» (21 ұпай), Қарағандының «Қарағанды-2» (17 ұпай) және Алматының «Алматиночка» (4 ұпай) командалары өзара бөлісті.

Ақтық турда алматылықтар ғана қоржынына бірде-бір ұпай қоса алмады. 4 турдың қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жинап қатар келе жатқан «Қостанай» мен «Грация» командалары арасындағы негізгі сайыста оралдықтар бәсекелестеріне 0:3 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдеден біржола үмітін үзді. Үздіктердің сайысынан тыс қалған өзге командалар да турнир кестесіне еш өзгеріс енгізе алмады.