Возрождение аралына жасалған қазақстандық ғылыми-зерттеу экспедициясы аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Возрождение аралына жасалған  қазақстандық ғылыми-зерттеу экспедициясы аяқталды

Возрождение аралына жасалған қазақстандық ғылыми-зерттеу экспедициясы аяқталды

Карантиндік және зооноздық инфекциялар жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу орталығы ғалымдарының Арал теңізіндегі Возрождение аралына жасалған ғылыми-зерттеу экспедициясы аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 1069
Фото - Caravan.kz

Төтенше жұқпалы ауруларды зерттеуші мамандар бұрынғы кеңестік бактериологиялық полигон аумағындағы эпидемиологиялық ахуалға бір айдан астам уақыт бойы зерттеу жүргізді. Олар биологиялық материалдар мен топырақ сынамасын зерттеуге алды. Ендігі жерде зерттеулер ғылыми орталықта жалғасады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 40 млн. теңге бөлінген. Аталмыш қаржының жартысы көлік шығынына жұмсалды. Экспедицияға қатысушы 40 адам, автокөліктер мен зартхана жабдықтарын жеткізу мақсатында ұшақтар мен тікұшақтар пайдаланылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, полигонда 50 жылға жуық биологиялық қару сыналып, оба, күйдіргі, туляремия тәрізді аса қатерлі аурулардың қоздырғыштары пайдаланылды.
90-шы жылдардың басында Возрождение аралына Свердловск қаласынан күйдіргінің штаммдары әкелініп, топыраққа көмілген. Арал теңізінің суы тартылуына байланысты жұқпалы ауру қоздырғыштарының құрылыққа жету қаупі күшейе түсті. Ал аралдың Өзбекстан жағындағы бөлігі құрлыққа қосылып кеткендіктен жұқпалы аурулардың таралу қаупі едәуір артып отыр. Соған қарамастан аралдың Өзбекстанға қарасты бөлігінде мұнай және газ қорына барлау жүргізілуде. 2002-жылы американдық әскерилер бұл аумақта жұқпалы ауру қоздырғыштарын залалсыздандыру шарасын жүзеге асырды.

Соңғы жаңалықтар