В.Путин Н.Назарбаевты құттықтай отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік едәуір нығая түскенін атап көрсетті. - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
В.Путин Н.Назарбаевты құттықтай отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік едәуір нығая түскенін атап көрсетті.

В.Путин Н.Назарбаевты құттықтай отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік едәуір нығая түскенін атап көрсетті.

Ресей Федерациясыныің Президенті Владимир Путин шетелдік мемлекеттер мен үкіметтер басшыларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшыларын Рождество мейрамымен және Жаңа, 2013 жылмен құттықтады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

  • 1 Қаңтар 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтауында Ресй басшысы өткен жылы елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестік елеулі нығая түскенін атап көрсеткен. Владимир Путин Ресей және Қазақстан бірлескен күш-жігермен Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік ауқымында көпжоспарлы екіжақты ынтымақтастықты, әріптестік өзара іс-қимылды одан әрі белсенді дамытаитынына, Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру үдерісін ілгері жылжытатынына сенімін білдірді.

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша Ресей басшысы сондай-ақ Абхазия Президенті Александр Анквабқа, Әзірбайждан Президенті Илһам Әлиевке, Армения Президенті Серж Саргсянға, Беларус Президенті Александр Лукашенкоға, Болгария Президенті Бойко Борисовқа, Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Дилме Роуссеффке, Ұлыбритания Біріккен короольдігінің және Солтүстік Ирландияның Премьер-министрі Дэвид Кэмеронға және Ұлыбритания Патшайымы Елизавета ІІ-ге, Венесуэла Президенті Уго Чавеске, Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхуға, ГФР Федеральдық канцлері Ангела Меркельге, Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингх пен Үндістан Президенті Пранаб Мукерджиге, Испания Королі Хуан Карлос І-ге, Италия Премьер-Министрі Марио Монти мен Итальян Республикасының Президенті Джорджио Наполитаноға, АҚШ Президенті Барак Обамаға, Қытай Халық Республикасының қазіргі төрағасы Ху Цзиньтаоға және болашақ төрағасы — Си Цзиньпинге, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаоға және басқа да көптеген мемлекет басшыларына, халықаралық ұйымдар басшыларына, белгілі мемлекет қайраткерлеріне құттықтау жолдады.