ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясының директорлар кеңесі Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын салу жобасына қатысты барлық қаржыландыру құжаттарының топтамасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясының директорлар кеңесі Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын салу жобасына қатысты барлық қаржыландыру құжаттарының топтамасын мақұлдады

ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясының директорлар кеңесі Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын салу жобасына қатысты барлық қаржыландыру құжаттарының топтамасын мақұлдады

ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясының (құбырды тарту және оны пайдалану жөніндегі оператор) директорлар кеңесі Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын салу жобасына қатысты барлық қаржыландыру құжаттарының топтамасын мақұлдады. Бұл туралы 22-желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында BP-Azerbaijan компаниясының президенті Дэвид Вудворд мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Желтоқсан 2003
  • 433
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, отырысқа қатысушылар Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбырын салу жобасына қатысты барлық шарттар мен тетіктерді бекітті. Алайда, қаржыны бөлу жағдайлары, кредиторлар саны мен берілетін несиенің көлемі туралы мәселе транзитті территорияға иелік ететін үш ел үкіметтері, кредиторлар мен барлық демеушілер тарапынан құжаттарға ресми қол қою рәсімінен кейін жария етіледі. Қол қою рәсімі 2004-жылдың қаңтар айының екінші жартысында өтеді. Ал алғашқы несиелік қаржы 2004-жылдың қаңтар айының соңы, ақпан айының басында бөлінеді деп күтілуде.

Д.Вудвордтың айтуынша, жобаға тартылатын несиелік қаржының жалпы көлемі кредиттік проценттерді қоса есептегенде 2,6 млрд. долларды құрайды, ал несиенің басым бөлігі 10 жылда қайтарылуы тиіс.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі мұнай құбырын салуға 2,95 млрд. доллар (несиелік проценттерді қоса есептегенде жобаның жалпы құны 3,6 млрд. долларға бағаланып отыр) қажет, ал жобаға қажетті қалған қаржы ішкі қаржы, коммерциялық банктер мен экспорттық несиелік ұйымдардың есебінен толтырылады.
Осы орайда естеріңізге сала кетсек, Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салуға негізгі төрт топ несие бөледі. Бірінші топқа қамтылатын Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық қаржы корпорациясы тәрізді халықаралық қаржылық ұйымдар өздері қаржы бөлумен бірге коммерциялық банктерге кепілдік береді. Ал екінші топқа экспорттық-несиелік агенттіктер кіреді. Олар АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Италия және Франция тәрізді әлемдік алты алпауыт мемлекеттен материалдар мен құрал-жабдықтар сатып алуды қаржыландыруға коммерциялық банктерге кепілдік береді. Ал үшінші топқа жалпы саны 10-30-дың айналасындағы коммерциялық банктер кіреді. Қаржыландырушы төртінші топқа BP, Statoil, ConocoPhillips және Total тәрізді 4 ірі компания қамтылады. Олардың арасынан BP 500 млн. доллар көлемінде, ал Statoil 170 млн. доллардан кем емес мөлшерде несие бөлуге дайын.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды. Құрылыс жұмыстары тікелей 2003-жылдың сәуір айында басталып, 2004-жылдың 4-тоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мұнай құбырының Әзербайжандық бөлігі 2004-жылдың қыркүйек айына дейін, Грузиялық бөлігі 2004-жылдың қазан айына дейін, Түркиялық бөлігі 2004-жылдың соңына дейін салынып бітуі тиіс. Түркиядағы Жейхан айлағынан Әзербайжан мұнайы 2005-жылдың екінші тоқсанынан бастап экспорттала бастайды.

Соңғы жаңалықтар