«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 17-ші кезеңінде «астаналық» велошабандоз мәре сызығын тоғызыншы болып кесіп өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 17-ші кезеңінде «астаналық» велошабандоз мәре сызығын тоғызыншы болып кесіп өтті

«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 17-ші кезеңінде «астаналық» велошабандоз мәре сызығын тоғызыншы болып кесіп өтті

Испаниядағы «Vuelta a Espana» көпкүндігінің 187,3 шақырымдық 17-ші кезеңінде «Astana Pro Team» велоклубының итальяндық шабандозы Паоло Тиралого 9-шы орын алды.

  • 6 Қыркүйек 2012
  • 323
Фото - Caravan.kz


Қазір жалпы жіктелімде қазақстандық Андрей Кашечкин 34-ші, бельгиялық Кевин Зельдреерс 38-ші, қазақстандық Андрей Зейц 45-ші, швециялық Фредерик Кесякофф 71-ші, ресейлік Егор Силин 104-інші, қазақстандық Александр Дьяченко 123-інші, ал Асан Базаев 155-ші сатыда тұр. Бұл тізімді 68:07:54 уақыт көрсеткішімен «Saxo Bank — Tinkoff Bank» велокомандасының испаниялық шабандозы Алберто Контадор бастап келе жатыр. Одан Андрей Кашечкин (1:03:42, Кевин Зельдреерс 1:03:42, Андрей Зейц 1:22:50, ал Асан Базаев 2:57:46) артта қалып қойды.