"Вымпелком" K-mobile байланыс операторы акцияларының бір бөлігін сату жайында келіссөздер жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Вымпелком" K-mobile байланыс операторы акцияларының бір бөлігін сату жайында келіссөздер жүргізуде

"Вымпелком" K-mobile байланыс операторы акцияларының бір бөлігін сату жайында келіссөздер жүргізуде

Ресейдің "Вымпелком" ААҚ өзіне тиесілі еншілес кәсіпорны - K-mobile және Exess ұялы байланыс желісінің операторы - "КаР-Тел" ЖШС акцияларының бір бөлігін сату жайында келіссөздер жүргізуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Вымпелком" ААҚ-ның вице-президенті Валерий Голдин бүгін, 15-ақпанда хабарлады.

  • 15 Ақпан 2005
  • 517
Фото - Caravan.kz

В.Голдиннің айтуынша, компания басшылығы 2005-жылдың 7-ақпанында хабарлама тарату арқылы «КаР-Тел» ЖШС акцияларының миноритар үлесін сатуға деген ықыласын тағы бір дәлелдеді. Вице-президент қай елдің қандай компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтудан бас тартқанымен, «Вымпелком» «КаР-Тел» ЖШС акцияларының бақылау қоржынын сақтап қалу үшін 50% минус бір акцияны сатуға ниеті бар деген ақпаратты растады. «Келіссөздердің нақты аяқталу мерзімі белгісіз»,- деді В.Голдин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Вымпелком» ААҚ-ның бас директоры Александр Изосимовтың айтуына қарағанда, компания Қазақстандағы бір әріптесімен акцияларды 175 млн. долларға сату туралы келіссөздер жүрізуде. Бұл кәсіпорынды сатып алу құнының 50 процентіне тең.
В.Голдиннің хабарлауынша, 2005-жылғы 31-қаңтардағы жағдаймен Қазақстанда K-mobile және Exess абоненттерінің саны «Вымпелком» ААҚ кәсіпорынды сатып алған 2004-жылғы қыркүйек айындағы 645 мыңмен салыстырғанда 995 мың адамды құрады. Сөйтіп қазір компания еліміздегі ұялы байланыс рыногында 31 процент үлес иемденуде.

Перейти к новостям спорта