«Выпускнойға» ақша тап, әйтпесе, еркекпен жатам - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Выпускнойға» ақша тап, әйтпесе, еркекпен жатам

«Выпускнойға» ақша тап, әйтпесе, еркекпен жатам

Жұмыстан үйге кірген бетім сол еді, дастархан басында әйеліммен бірге көрші келіншек отыр екен. Көрші келіншектің көзінде жас. Өксіп отыр.

  • 18 Мамыр 2018
  • 319
Фото - Caravan.kz

Жуынып-шайынып жандарына жайғастым.

«Не болып қалды» деймін ғой баяғы. Әйелім үндемеді. Көрші келіншек:

– Е, көрші, несін айтасың, жағдай қиын. Қыз өскен сайын оған кететін қаражат та көбейе береді екен. Қарыз сұрап келіп отырмын. Мына әйелің сен келсін деп отыр еді. Жақсы келдің. Жүз елу мың ақша керек. Қызым 11-ді бітіріп жатыр. Мектеп бітірушілер жиналып «вечеринка» жасаймыз. Соған анау керек, мынау керек деп қинап жатыр. Өзің білесің, әкесіз өскен қыз. Күйеуім болса, бүйтіп қайыр тілемес едім ғой, әттең. Қатарынан қалдырғым келмейді. Онсыз да кештерге, түнгі клубтар мен туған күндерге шықпаушы еді. Енді мектеп бітіріп жатқан соң қатарынан қалмасын, достарының алдында жерге қарамасын деп қарыз сұрай келдім, – деді.

«Қой жылама, бармыз ғой. Көмек береміз. Сенің қызың – менің де қызым, түк етпес», деп жұбатып жатырмын.

Қызым жоқшылықтан бұзылып кете ме?

Әйелім тұрып: — Сонда да 150 мың теңге бір күн үшін көп емес пе? деді.

– Е-жоға, қызымның подружкалары ондан да көп ақша лақтырып жатыр. Біз қайта азға шүкіршілік жасап отырмыз ғой. Қызым шашымды жасатам дейді. Макияж, маникюр жасатам дейді. Көйлектерің көп қой десем, «ұят болады. Жаңасын алу керек», дейді. Ұстаздарға сыйлық жасаймыз, видео, фотасы бар. Лимузині бар, кешкілік тойлайтын дастарханы бар. Бәрін есептегенде қызым жүз елу мың тауып бер деп отыр.

Егер тауып бермесең, тәнімді сатып, бір еркектің астына жатсам да, ақша қарастырамын дейді.

Жоқшылықтан бұзылып кете ме деп қорқамын. Жаным қысылды. Амалсыз әйелі де, өзі де жұмыс істейді ғой деп,сендерге келіп отырмын, дейді көршіміз.


Келіншектің көзінде жас. Не дерімді білмедім. Әйелім маған қарайды. Мен жерге қараймын. Ойлана келе, сұраған ақшасын берейін дедім. Көршімді үйден құр шығарғым келмеді.

Ол қуанғанынан жылап жіберді.

«Жылама. Сенің басыңа түскен жағдай бізге де екі-үш жылда келеді. Біздің қыз да Құдай қаласа, екі жылдан кейін мектеп бітіреді. Бізге де сен секілді амалсыз болмайтын нәрсеге бола шашылуға тура келмек», деп әйелім бір күрсініп қойды.

Расында, мектеп бітірушілер бір күндік ырың-жырыңға қаншама ақша жібереді?

Оны біреудің қалтасы көтереді, біреудікі көтермейді. Солай бола тұрса да қатарынан кейін қалмасын, көңіл-күйі түспесін деп қарызданып, қауғаланып жатады. Осы дұрыс па, енді?

Аян Мырзабек

Оқи отырыңыз:

Жақында жазылмайтын жұқпалы ауру таралуы мүмкін – ғалымдар

Павлодарда Рамазан айында күн сайын 100 адамға ауызашар беріледі

Әкесіне қатысты естелігімен бөліскен Айсәуле Бақытбек оқырмандарын жылатты 
 

 

 

Соңғы жаңалықтар