«Взгляд» газетінің бас редакторы KLM әуе компаниясынан моральдық шығынды өтеуді талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Взгляд» газетінің бас редакторы KLM әуе компаниясынан моральдық шығынды өтеуді талап етті

«Взгляд» газетінің бас редакторы KLM әуе компаниясынан моральдық шығынды өтеуді талап етті

«Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский сатып алған билеті бойынша өзін Брюссельге (Бельгия) жеткізу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін KLM әуе компаниясынан Т500 мың моральдық шығынды өтеуді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 660
Фото - Caravan.kz

«Мен KLM–нан моральдық өтемақы ретінде Т500 мың талап етемін. Сома ақылға сиярлық. Бұл билеттердің құнына, Еуропада бір апта болуға тең және менің Еуропада бола алмағаным үшін моральдық қанағаттануым үшін қажет сома, өйткені мен Еуропада бірнеше күн бола алмадым, бостандық ауасын жұта алмадым», – деді И.Винявский сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Оның KLM әуе компаниясына және ҚР ҰҚК шекара қызметіне қарсы шағымдары осы ұйымдардың қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты, олар 21 маусымда Еуропарламенттің Орталық Азиядағы жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша конференциясына қатысу үшін Брюссельге баруына кедергі жасаған.

И.Винявскийдің айтуынша, шекарашылар оның Брюссельге поляк визасымен бара жатқанын алға тартып, шекарадан өткізбеген. Шекарашылардың пікірінше, бұл жағдай оны Бельгиядан депортациялауға алып келуі мүмкін.

«Маған берілген мультивиза –Dкатегориясының ұлттық поляк визасы. Бірақ ол маған Шенген елдерінде 90 күнге дейін болуға мүмкіндік береді. Мен бұл визамен Брюссельге барып-қайтқанмын. Ол жақта(Бельгияда– ҚазТАГ) маған ешқандай ескерту айтылған жоқ», – дедіИ Винявский.

KLMәуе компаниясының қызметкерлері де бас редактордың билетінің күшін осындай әдіспен жойған. И.Винявский әуе компаниясының өкілдері оны тасымалдау бойынша міндеттерін қандай себептерге байланысты орындамағандары туралы жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан.

«Мен екі жақтың, шекарашылар мен KLM-нің өздерінің дұрыс істемегендерін мойындағандарын, мұның соттың ресми шешімімен мойындалғанын қалаймын», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар