WADA 2014 жылғы қысқы Олимпиададағы допингтік алаяқтықты тексеру қорытындысын жарияламақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WADA 2014 жылғы қысқы Олимпиададағы допингтік алаяқтықты тексеру қорытындысын жарияламақ

WADA 2014 жылғы қысқы Олимпиададағы допингтік алаяқтықты тексеру қорытындысын жарияламақ

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) комиссиясы 2014 жылғы қысқы Олимпиада барысында допингтік алаяқтық жасалды деген шағымға қатысты тексерудің қорытындысын 18 шілде күні жария етеді. Бұл туралы WADA мәлім етіп отыр.

  • 12 Шiлде 2016
  • 322
Фото - Caravan.kz

Мамырда New York Times басылымы мәскеулік допингке қарсы зертхананың бұрынғы басшысы Григорий Родченковтың сұхбатын жариялаған болатын. Онда ол Ресейдің 2014 жылғы Олимпиада кезіндегі «допингтік бағдарламасы» туралы жайып салды. Оның айтуынша, қысқы ойындарда медаль алған спортшылардың кемінде 15-і тыйым салынған дәрілерді қолданған көрінеді.

Осыдан соң WADA сарапшылық комиссиясын құрып, жұмысқа кірісті. Оны тәуелсіз сарапшы Ричард Макларен басқарып, тексеру барысына WADA менеджері, Интерполдың бұрынғы агенті Мэттью Хольц жетекшілік етті.+

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік спортшылардан алынған 52 допинг-сынаманың 49-ынан мельдоний табылып отыр, делінеді Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігі таратқан хабарламада. Кейін аталмыш ұйым ресейлік спортшылар допинг-сынама тапсырудан жаппай бас тартуда деп мәлім еткен еді.


 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера