Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) қазақстандық биатлоншылардың допинг пайдаланбағанын растады деп хабарлайды мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
"Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) ресми растамасын алдық – биатлоншыдларымыздың допинг-сынамасы теріс нәтиже берді! Бұдан бұрын айтқанымдай, біздің спортшыларымыз сүттен ақ, судан таза!", — деп жазды Мұхамедиұлы Facebook парақшасында. "Мен басынан бастап командамыздың адалдығына сендім, әлбетте, бізді жерге қаратпағандарына разымын. Бірақ бұл жайт болашаққа үлкен сабақ болды", — дейді министр.