Western Union Қазақстанның ішкі аударымдары үшін жаңа тарифтерді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Western Union Қазақстанның ішкі аударымдары үшін жаңа тарифтерді бекітті

Western Union Қазақстанның ішкі аударымдары үшін жаңа тарифтерді бекітті

Western Union (NYSE: WU) компаниясы Қазақстанның ішінде ақша аударымдары үшін жаңа тарифтерді бекітті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Маусым 2011
  • 549
Фото - Caravan.kz

Жаңа тариф бойынша 1 маусымнан бастап Western Union бойынша Қазақстанның ішкі ақша аударымдары айтарлықтай төмендеп отыр Мәселен, 200 АҚШ долларын аударудың құны 6 долларды құрайды. «Қазақстанның ішіндегі аударымдардың көбеюіне байланысты, біз тұтынушыларымызға жеңілдік ұсынуды жөн көрдік. Бұрын Қазақстанның ішіндегі ақша аударымдары ТМД елдеріне жасалатын аударым құнымен бірдей болатын. Ендігі жерде Қазақстанның ішкі тарифтері бар. Бұл тарифтер айтарлықтай төмен»,- дейді Western Union компаниясының Шығыс Европа мен ТМД елдеріндегі аймақтық вице-президенті Джонатан Кнаус.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше Қазақстанда ішкі ақша аударымдары көбейіп келеді. Мысалы: 2010 жылы төлем жүйелері арқылы жасалған ақша аударымдары 14,6 пайызға, төлем сомасы 17, 5 пайызға артқан. Жалпы алғанда, былтыр еліміздің ішінде 187 704.4 млрд. теңгелік 29,7 млн. транзакция жасалған.

ҚазАқпарат анықтамасы: Western Union (NYSE: WU) компаниясы әлемдегі төлем жасау жүйесі көшбасшыларының бірі. Әлемнің кез-келген еліне ақша аударымдарын жасау, сатып алуды жүзеге асырумен айналысады. Қызметінің қолайлы тұсы банктен есеп-шотсыз ақша аударымдарын жасауға болады. Әлемнің 200 елінде тұтынушыларға қызмет көрсететін 455 мың бөлімшесі бар. 2010 жылы Western Union жеке тұлғалар арасында 76 млрд. долларлық 214 млн. транзакция жасады. Western Union жүйесі Қазақстанға 1998 жылы келген болатын. Қазіргі кезде Қазақстанда 24 банкпен жұмыс істейді. Олардың 1600 бөлімшесі арқылы тұтынушылар әлемнің кез-келген жеріне теңге немесе доллармен ақша аударымдарын жасай алады.