Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
2024 жылы 15 шілдеде «Стоп-алаяқ» жедел профилактикалық іс-шара барысында Алматы облысы ПД КПБ CyberPol орталық тобының қызметкерлері WhatsApp қосымшасы арқылы тыйым салынған темекі өнімдерін сатуды жүзеге асырған күдіктіні анықтады.
«Жедел-іздестіру жұмыстары аясында азаматтың тыйым салынған темекі заттарын — «насыбай» және «түтінсіз темекі өнімін» — белсенді таратумен айналысқаны анықталды. Аталған дерек Іле ауданының полиция басқармасында тіркелді».Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров