Астана полицейлері WhatsApp арқылы қатыгездікті насихаттайтын видео таратқан әйелді жауапқа тартты, деп хабарлайды Baq.kz.
«33 жастағы Астана тұрғыны WhatsApp арқылы зорлық-зомбылықты наисхаттайтын түрлі видеоларды таныстарына таратып отырған. Ол видеоларда қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттаудың көріністері болған», — дейді Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері азаматтардан қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдарды таратпауды сұрайды.
Мұндай әрекеттер болған жағдайда қатыгездікті насихаттаушылар ҚР ӘҚБК 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.