Көрсетілген адамдар «Whatsapp», «Telegram» мессенджерлерінде және Интернет әлеуметтік желілерінде «ДАИШ» және басқа да халықаралық террористік ұйымдардың экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдарды жүйелі түрде таратқан, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Экстремистік материалдар жалпы саны 400-ден астам қатысушысы бар 24 желілік қоғамдастыққа орналастырылған.
Тергеу және өзге де іс-шаралар жалғасуда.