WhatsApp мессенджерінің жаңа нұсқаларында қоңырау соғу режимін ауыстыру функциясы іске қосылды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан The Independent-ке сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, жаңа опция қолданушыларға сөйлесіп жатқан кезде аудиоқоңырауды үзбей, әп-сәтте видеобайланысқа қосылуға мүмкіндік береді. Бір режимнен екіншісіне өту үшін камера бейнесі бар батырманы басу қажет, содан кейін экранға видеоны қосуды ұсынатын хабарлама шығады.
Жаңа функция Android базасында WhatsApp-тың 2.18.4 бета-нұсқаларында қазірдің өзінде қолжетімді екені хабарланды.