Бұл туралы РИА Новости порталы мессенджердің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. "2019 жылдың 7 желтоқсанынан бастап WhatsApp мессенджерді пайдалану ережелерін бұзған, мысалы, хабарламаларды автомат немесе жаппай таратумен немесе жеке мақсатта емес пайдаланғандаға (қосымшалар), сондай-ақ, оларға көмектесетіндерге қарсы құқықтық әрекеттер қолданады", — делінген мессенджердің ресми сайтындағы хабарламада. Кей компаниялар мессенджердің үнемі жетілдіріліп отыратынына қарамастан, оның машиналық жүйесін елегісі келмейді, дейді компания өкілдері. "Біздің өнім жаппай немесе автомат хабарламаларға арналмаған, ол әрдайым мессенджердің пайдалану ережелерін бұзу болып саналған… WhatsApp — әуел бастан адамдарға достары мен жақындарына хат жіберу үшін жасалған, ол жеке хабарларға арналған платформа", — деп жазылған мәлімдемеде.