«Whatsapp-пен» қайын сіңлісін балағаттаған құлсарылық келіншек жазаға тартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Whatsapp-пен» қайын сіңлісін балағаттаған құлсарылық келіншек жазаға тартылады

«Whatsapp-пен» қайын сіңлісін балағаттаған құлсарылық келіншек жазаға тартылады

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзған Құлсары қаласының тұрғыны, азаматша С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

  • 1 Қазан 2016
  • 1199
Фото - Caravan.kz

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы С. өзінің қайын сіңлісі, азаматша Ж.-ны «Whatsapp» желісі арқылы балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер жазып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот барысында азаматша С. кінәсін толық мойындап, істеген әрекеттері үшін өкінетіндігін айтты.

Сот қаулысымен азаматша С. кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 210 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі.