Бұл жаңа функция бейнероликті жүктеуге жұмсалатын уақытты аз да болса қысқартуға бағытталған. Қазір бұл функцияны тек Android жүйесін пайдаланушылар ғана қолдана алады.
WhatsApp мессенджерінде бейнеконтентті қараудың жаңа функциясы пайда болды. Енді сізге жіберілген роликтердің телефонға толық жүктелуін күтіп отырмастан, бірден көре беруге болады, деп хабарлайды Mashable.