WhatsApp-та жаңа опция пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WhatsApp-та жаңа опция пайда болады

WhatsApp-та жаңа опция пайда болады

WhatsApp мессенджері хабарламалар тарихын iOS және Android құрылғылары арасында жіберуді жеңілдететін жаңа опция енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

  • 7 Сәуiр 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл функция хабарламалар тарихын, файлдар мен деректерді бір платформадан екінші платформаға ауыстыруға мүмкіндік береді.
"Қазіргі уақытта деректерді көшіру тек басқа бағдарламаларды қолдану арқылы ғана жасалады. Себебі Apple құрылғыларында дерек iCloud жадысында сақталса, ал Android құрылғылары деректерді Google Drive-қа сақтайды", — дейді басылымда.

Деректерді көшіру мүмкіндігі қазіргі уақытта жетілдіру сатысында және WhatsApp жаңартуларының бірінде пайда болады.


Бұған дейін WhatsApp бета-нұсқасында өте ыңғайлы функция тексеріліп жатқаны хабарланған болатын. Онда аудио хабарламаларды тыңдау жылдамдығын басқаруға болады.

Соңғы жаңалықтар