WikiBilim жыл соңына дейін Wikipedia-дағы қазақша мақалалардың санын 200 мыңға жеткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WikiBilim жыл соңына дейін Wikipedia-дағы қазақша мақалалардың санын 200 мыңға жеткізеді

WikiBilim жыл соңына дейін Wikipedia-дағы қазақша мақалалардың санын 200 мыңға жеткізеді

WikiBilim қоғамдық қоры 2011 жылдың соңына дейін дүниежүзілік Wikipedia интернет-энциклопедиясындағы қазақ тіліндегі мақалалардың санын 200 мыңға жеткізеді, деп мәлім етті қордың құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

  • 16 Маусым 2011
  • 697
Фото - Caravan.kz

«Қорытындысы 2011 жылдың 16 желтоқсанында шығарылатын жобаның бірінші кезең шеңберінде мақалалардың санын 200 мыңға жеткізу көзделіп отыр. Осылайша, жобаның Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған бұл кезеңі «Елдің 20 жылдық мерейтойына 200 мың мақала» деген ұранмен жалпыұлттық акция деп жарияланады.

Бастапқыда қазақ тіліндегі Wikipedia жобаның әріптесі «Қазақ энциклопедиясы» редакциясының материалдарымен толтырылады. Сонымен бірге, қор интернет пайдаланушыларды мақалалар жасауға қатысуға шақырады.

«Біз жобаға азаматтардың қатысқанын қалаймыз. Ел азаматтарынан бір мақаладан болса да жазуды өтінеміз», — деді «Казконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Цуцыкин.

Жоба «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қамқорлығымен интернеттің қазақ тіліндегі сегментін дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Оның мақсаты қазнетте интеллектуалды орта құру, энциклопедияны толықтыратын мақала ғана емес, ғалами желінің басқа да жобалары үшін толықтыру енгізуге қабілетті Wikipedia энтузиастарының қоғамын құру, қазақ тілін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды қолдау болып табылады, деді ол.

Қазіргі уақытта «WikiBilim» қоры өзін Wikipedia-ның аймақтық өкілдігі ретінде тіркеу үшін Wikipedia Foundation-ге өтініш жіберді.

«Шекарасы жоқ интернеттің ішінде егемендіктің бір түрі ғана бар – тілдік. Ғаламторда қазақ тіліндегі контенттің болуы тілді сақтап, дамытудағы негізгі фактор болып табылады. Қазақша Wikipedia қазақ тілі мен мәдениетін қолдау жөніндегі қазіргі мемлекеттік бағдарламаларды толықтыра түседі деп есептейміз», — делінген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы Тимур Құлыбаевтің үндеуінде.

Р. Кенжеханұлы демеушілер – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен Nokia компаниясы қадай көлемде қаржыландыру бөлгенін атаудан бас тартты. Оның айтуынша, бұл сома әлі есептелмеген.

Wikipedia – көпшілік үшін ашық мультитілдік әмбебап интернет-энциклопедия. Сайттың иесі — 19 аймақтық өкілдігі бар Wikipedia Foundation американдық коммерциялық емес ұйымы. Энциклопедияны әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер 281 тілде жүргізеді, оның құрамында 18 млн мақала бар. Энциклопедияның туыстас жобалары — Викисловарь, Викиархив, Виктитека, Викицитатник, Викиновости.

Соңғы жаңалықтар