WikiLeaks: АҚШ-тың КСРО-ны жаулап алғаны артық еді – мемлекеттік шенеунік - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WikiLeaks: АҚШ-тың КСРО-ны жаулап алғаны артық еді – мемлекеттік шенеунік

WikiLeaks: АҚШ-тың КСРО-ны жаулап алғаны артық еді – мемлекеттік шенеунік

Қазақстанның батысындағы бір облыс әкімінің кеңесшісі АҚШ-тың КСРО-ны жаулап алғаны артық еді деп есептейді. Бұл туралы АҚШ елшісі Ричард Хоугландтың мемлекеттік департаментке жолдаған депешасында айтылған. Онымен ҚазТАГ танысып шықты.

  • 21 Маусым 2011
  • 841
Фото - Caravan.kz

«2009 жылы жазда Батыс Қазақстанға барған кезде АҚШ елшісі бір облыс әкімінің орынбасарымен кездескен (ҚазТАГ редакциясы әдептілік сақтап, шенеуніктердің кім екенін жарияламауды шешті). Әкімнің орынбасары елшіге арнап аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы таныстырылым-брифинг өткізді. Кейін елшілік алдын ала келісіп қойғандай, АҚШ елшісі әкімдіктің ғимаратынан шығып, жергілікті ҮЕҰ-лармен кездесуге тиіс болатын. Алайда оған ғимараттан шықпау ұсынылды, өйткені әкімдік соңғы минутта ҮЕҰ-лармен кездесу орнын облыс әкімшілігінің ғимаратына ауыстырған, бірақ бұл туралы елшілік қызметкерлерін ескертпеген. Елшінің шақырылған қонақтардың бәрін күте тұру керек деген өтінішіне қарамастан, облыстық әкімдіктің департамент директоры кездесуді бастап кетті. Кейін елшілік аймақ басшылығының ҮЕҰ өкілдеріне үкімет туралы жаман сөз айтпау туралы нұсқау бергенін анықтады», — делінген дипломатиялық депешада.

ҮЕҰ-ларға қарапайым халықтың өмірін жақсарту үшін азаматтық қоғамның үкіметпен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өткен елші ҮЕҰ өкілдерінен өздерінің қызметтері туралы қысқаша айтып беруді өтінді. Көбі өздерінің жұмыстары туралы айтса да, грант алу қиын екенін жеткізген. Елшімен бірге жүргендердің арасында болған әкімнің кеңесшісі 20 минуттан кейін кездесудің аяқталғанын жариялаған, «өйткені әкімнің орынбасары елшімен тағы бір көріспек болған». «Елші әкімнің орынбасарының кеңсесіне қайтып келгенде, соңғысы оған аймаққа сапары сәтті болсын» ғана тілеген», — делінген құжатта.

ҮЕҰ өкілдері әлі дәлізде тұрған, ал кейбіреулері елшімен сөйлеспек болған, бірақ әкімнің кеңесшісі өз сағатын ұрып, елшіліктің делегациясын ғимараттан шығарған. Елші мен кеңесші жалғыз қалғанда, шенеунік дипломаттың мазаланғанын көріп, өзінің «ультра тиімділігіне» алмасу бойынша студент болғанда үйренгенін айтқан.

Елшінің екі күндік сапары кезінде әкімнің орынбасары елшінің «кураторы» болғаны анық байқалды, бірақ бұған қоса, ол өзін ешкім естімегенде өз пікірін де білдіруге ұялмайтынын көрсетті. Бір ауданға бір сағаттық сапар кезінде әкімнің кеңесшісі тарих, ҮЕҰ, билікті орталықтандыру, демократия туралы ой бөліскен.

Шенеунік елшіге «сіздердің (АҚШ — ҚазТАГ) Кеңес Одағын жеңгендеріңіз артық еді» деген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сіздер Германия мен Жапонияда аман қалған әр адамға демократия мен еркін нарық туралы кітапшалар тараттыңыздар. 1942жылдан кейін соғыстан кейінгі қалпына келтіруді жоспарлап, дайындалдыңыздар. Ал бізде (КСРО – ҚазТАГ) жоспар болған жоқ. Кеңес Одағы ыдырап кеткенде, бізді қайта құру үшін күшпен де қиратқан жоқ, ешкім оккупациялаған жоқ. Сіздердің қиратып, қайта құрғандарыңыз артық еді, өйткені біз әлі де болса кеңестік адамдармыз және демократия мен еркін нарықпен не істеу керектігін білмей отырмыз. Басқаларымен салыстырғанда, біздің жағдайымыз жақсы, бірақ біз әлі де болса, кеңестік адамдармыз», — деді шенеунік.

«Сіздің ҮЕҰ-лар қоғамды жақсарту үшін үкіметпен жауапты түрде ынтымақтасуға тиіс деген сөзіңіз ұнады», — деді ол. Бірақ елші оның сөзін бұзып: «Мен ҮЕҰ –ны сынамау керек немесе үкіметке қарсы қою керек емес деген мағынада айтқан жоқпын»,-деді.

Әкімнің кеңесшісі: «Мен мұны түсінемін. Заман жақсы болғанда, олардың қалауынша бостандығы болды, бірақ қазіргідей қиын шақта олар бақылаудан шығып, көшеге ұмтылмас үшін сақ болуға тиіспіз. Мұның салдары ауыр болады».

Елші Қазақстан үкіметінің бұл салада жеткілікті деңгейде біліктілігі бар деген пікір білдірді.

«Сізбен келісемін деп ойлаймын, бірақ біз тәртіпсіздікке алып келетін бірінші қадамның алдын алуға тиіспіз», — деді әкімнің кеңесшісі. «Сіз мынаны түсінуге тиіссіз, мен Кеңес Одағында тудым. Мен – кеңестік адаммын, бірақ мен халықаралық тәжірибе жинадым, сондықтан көбірек түсінемін», — деді шенеунік.

«Сіз нені түсінесіз?» деп сұрады елші. «Мен біздегі шенеуніктердің бәрі бюрократтар екенін түсінемін. Республикалық, аймақтық, жергілікті деңгейлерде. Судьялар да солай – олардың бәрі тізбекпен «папаның» (Назарбаев – елшіліктің ескертпесі) алдында жауап береді. Ол олардың қолдау білдіргендері үшін төлейді, әрине тікелей емес, бірақ біздегі жемқорлықтың осындай қорқыныштылығы да осыдан. Бізге сайланатын шенеуніктер керек, олар адамдардың алдында жауапты болуы үшін. Бізге тәуелсіз судьялар керек. Судьялар ақымақ емес, олар тәуелді», — деп мәлім етті өз пікірін білдірген әкімнің кеңесшісі.

«Джефферсон Парижде» деген фильм есіңізде ме? Бас кейіпкер өз қызына былай дейді: демократияны білімділерге берсең, олар бастап барады. Біздің арамызда мұны жасағысы келетіндер көп. Жақсы білім алған сыни топтың еркін демократияға алып келгенін күту керек. Біздегі жүйе Кеңес Одағымен бірге қирауға ұшырады. Енді бұқара бәрін қиратпауы үшін жаңа білімді класс түзілгенше күту керек. Сіздер бізге білімді жақсартып, демократияға қол жеткізуге көмектесе аласыздар, бірақ сіздерге бұл қызық емес. Сіздер — әлемнің бай мемлекетісіз, бірақ сіздердің ақшаларыңыздың көбі соғысқа шығындалады …».

Соңғы жаңалықтар