Wordpress.com Қазақстандағы жұмысын қайта бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Wordpress.com Қазақстандағы жұмысын қайта бастайды

Wordpress.com Қазақстандағы жұмысын қайта бастайды

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің «Wordpress.com» ресурсының әкімшілігімен жүргізген келіссөздердің нәтижесінде экстремизмді ашық түрде насихаттап, террорлық әрекеттерге халықты үндеген кейбір блогтарды (www.djamagat.wordpress.com, www.caucase.wordpress.com) жауып тастау туралы шешім қабылданды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 392
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге салып өтеміз, «wordpress.com» интернет-ресурсы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен wordpress.com ресурсының иесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін материалдарды алып тастамайынша құрсауланған болатын.

Соттың мұндай шешімге келуіне Астана қаласы прокурорының өтінішінде көрсетілген бірқатар шетелдік БАҚ-та жарияланған материалдардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетіндігі негіз болды.

Қорытындысында сот қазақстандық провайдерлердің Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ақпаратты таратуын доғаруды белгіледі.

Қазіргі кезде заңға қайшы контент мазмұнындағы материалдардың барлығы алынып тасталды және жақын уақытта «wordpress.com» ресурсы бұрынғы қалпында жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар