Caravan Logo

Wordpress.com Қазақстандағы жұмысын қайта бастайды

Wordpress.com Қазақстандағы жұмысын қайта бастайды

Естеріңізге салып өтеміз, «wordpress.com» интернет-ресурсы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен wordpress.com ресурсының иесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін материалдарды алып тастамайынша құрсауланған болатын.

Соттың мұндай шешімге келуіне Астана қаласы прокурорының өтінішінде көрсетілген бірқатар шетелдік БАҚ-та жарияланған материалдардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетіндігі негіз болды.

Қорытындысында сот қазақстандық провайдерлердің Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ақпаратты таратуын доғаруды белгіледі.

Қазіргі кезде заңға қайшы контент мазмұнындағы материалдардың барлығы алынып тасталды және жақын уақытта «wordpress.com» ресурсы бұрынғы қалпында жұмыс істейтін болады.