XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар әйелдер арасында - бірінші, ерлер арасында үшінші орынды еншіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар әйелдер арасында - бірінші, ерлер арасында үшінші орынды еншіледі

XVII «ҚР Президенті кубогы" халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар әйелдер арасында - бірінші, ерлер арасында үшінші орынды еншіледі

Кеше Алматыда өз мәресіне жеткен "ҚР Президенті кубогы" XVII халықаралық турнирінде қазақстандық волейболшылар өздеріне жүктелген жоспарды толық орындады.

  • 12 Шiлде 2010
  • 600
Фото - Caravan.kz

Шілденің 6-сында жалауы көтерілген дәстүрлі бұл жарысқа биыл ерлер арасында Иран, Қазақстан, Ресей және Тунистен — 5, ал әйелдер арасында Қазақстан, Қытай мен Украинадан 4 команда сайысқа түсті.

Тартысты өткен турнирде әйелдер арасында ақтық сында Қазақстан-1 ұлттық құрамасы мен Қытайдың «Джиангсу» командасы кездесіп, ойын 3:1 (26:24, 25:20, 23:25, 25:18) есебімен аяқталды. Ерлер арасында Ресейдің «Локомотив-Изумруд» клубын 0:3 есебімен (19:25, 21:25, 16:25) жеңген Иран ұлттық құрамасы турнир жеңімпазы атанды. Ал Қазақстан-1 ұлттық құрамасы — үшінші, Тунис ұлттық құрамасы — төртінші, Қазақстан-2 ұлттық құрамасы бесінші орынға табан тіреді.

Жарыс қорытындысында Елена Эзаумен Юрий Стулов (Қазақстан-1) — үздік либеро, Коринна Ишимцева (Қазақстан-1) мен Маруф Мирсаед (Иран) — үздік байланыстырушы, Ольга Наседкина (Қазақстан-1) пен Нади Амреза (Иран) — үздік тосқауылшы, Анна Довгополюк (Украина) пен Назари Афшар (Иран) — үздік шабуылшы, Ли Хуи (Китай) мен Марат Имангалиев (Қазақстан-1) үздік доп беруші, Жай Тингли (Китай) мен Кааби Хичем (Тунис) — ең нәтижелі ойыншы, Ольга Дробышевская (Қазақстан-1) мен Вячеслав Тарасов (Россия) ең бағалы ойыншы атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера