XX ғасырдағы композиторлардың музыкасы «Астана Опера» сахнасында шырқалмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
XX ғасырдағы композиторлардың музыкасы «Астана Опера» сахнасында шырқалмақ

XX ғасырдағы композиторлардың музыкасы «Астана Опера» сахнасында шырқалмақ

«XX ғасырдағы композиторлардың музыкасы» атты әсем концерт Камералық залдың сахнасында 28 ақпанда өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

  • 25 Ақпан 2014
  • 441
Фото - Caravan.kz

Кеште өткен жүзжылдықтағы американдық, батыстық және кеңестік мектептер композиторларының шығармалары ұсынылады.

«Осы бір ғажап кеште көрнекті композитор Э. Морриконенің жаныңа тыныштық сыйлайтын асыл музыкасы күйбің тіршіліктің таусылмайтын мәселелерін бір сәтке ұмыттырып, рухани азық болады. Шлягерге айналған «Миссия» кинофильміндегі «Гобой Габриэльдің» туындысы тыңдарманға басты кейіпкер Габриэльдің ерекше оқиғасын баяндап береді. Аталған фильм бүгінде көпшілік үшін ұмыт болған, алайда бұл кинематографиялық шығармаға жазылған музыканың тағдыры ерекше, себебі күні бүгінге дейін ол танымал әрі сүйікті әндердің біріне айналып, өз өміршеңдігін көрсетіп келеді», — делінген хабарламада.

Концерттің жеңіл, нәзік әуендері жылдам әрі ырғақты әуенмен алмасады. Бар ғұмырларын классикалық мектепке арнаған Б. Бриттен, С. Прокофьев, И. Стравинский сынды композиторлардың салмақты туындылары тыңдарманның жүрегін селт еткізбей қоймайды. Мұнымен қатар концертте қазақстандық композиторлар Х. Сетеков пен А. Мұхитдиновтің шығармалары шырқалады.

Америка мектебінің өкілі Дж. Гершвиннің жарқын туындыларының бірі — көбіне блюздік өңдеуі танымал, «Порги және Бесс» операсындағы Клараның бесік жыры «Астана Опера» көрерменіне байырғы классикалық нұсқада паш етіледі. Тромбонның құлағында ойнайтындығы үшін Паганиниге баланатын композитор К. Линдбергтің шығармашылығы, тромбон мен ішекті оркестрдің орындауында Arabenne туындысында ұсынылады.

«Астана Опера» театрының солистері: Алмат Жайлаубаев, Елена Ганжа, Айсұлу Байкенова, Бағдат Әбілханов кештің ажарын ашады.


Музыкатанушы Сәуле Мәулетова XX ғасырдың музыкасы күрделі, көп қырлы және әралуан екенін атап өтті. «Аталған концертте қазақстандық аудиторияға кеңінен танымал атақты шығармалар шырқалады. Концерт аспапшылардың ойнау қабілетін көрсетуді және көрерменнің бойына жоғарыда ұсынылған композиторлардың музыкасына деген сүйіспеншілікті сіңіруді көздейді. Сондай-ақ концертте Хейлидің өлеңдері оқылады», — дейді Сәуле Мәулетова.

«Астана Операның» Камералық оркестріне дирижерлік ететін — Республикалық конкурстар сыйлығының лауреаты Руслан Баймұрзин.

Перейти к новостям спорта