Ол «Қазақстанның 2030-жылға дейінгі даму стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасын жоғары бағалады. «Бұл бірегей бағдарлама»,- деді Қырғызстан президенті. «Өз басым Қазақстан алға қойған стратегиялық мақсаттарына 2020-жылдың өзінде қол жеткізеді дегенге сенемін»,- деді А.Ақаев. Оның пікірінше, «15-16 жылда Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылады».
Сондай-ақ, Қырғызстан президенті еліміздің жаңа Елордасындағы құрылыстар қарқыны мен қаланың көркіне таңданыс білдірді. 10-15 жылда Астана «Орталық Азиядағы ең таңдаулы Елордасына, Еуразияның пальмирасына айналады»,- дейді Ақаев.
Сөз соңында Қырғызстан президенті Қазақстан халқын 2004 жаңа жылмен құттықтап, «бейбітшілік пен табыс, жақсылық тіледі» .