XXI -ғасырда Қазақстан тұтас Орталық Азия аймағындағы дамуды алға сүйрейтін локомотивке айналады - Қырғызстан президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
XXI -ғасырда Қазақстан тұтас Орталық Азия аймағындағы дамуды алға сүйрейтін локомотивке айналады - Қырғызстан президенті

XXI -ғасырда Қазақстан тұтас Орталық Азия аймағындағы дамуды алға сүйрейтін локомотивке айналады - Қырғызстан президенті

"XXI -ғасырда Қазақстан тұтас Орталық Азия аймағындағы дамуды алға сүйрейтін локомотивке айналады". Бүгін, 26-желтоқсанда Елордасында "Астана-Бәйтерек" монументіне барған Қырғызстан президенті Асқар Ақаев осындай пікір білдірді.

  • 26 Желтоқсан 2003
  • 485
Фото - Caravan.kz

Ол «Қазақстанның 2030-жылға дейінгі даму стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасын жоғары бағалады. «Бұл бірегей бағдарлама»,- деді Қырғызстан президенті. «Өз басым Қазақстан алға қойған стратегиялық мақсаттарына 2020-жылдың өзінде қол жеткізеді дегенге сенемін»,- деді А.Ақаев. Оның пікірінше, «15-16 жылда Қазақстан дамыған елдердің қатарына қосылады».

Сондай-ақ, Қырғызстан президенті еліміздің жаңа Елордасындағы құрылыстар қарқыны мен қаланың көркіне таңданыс білдірді. 10-15 жылда Астана «Орталық Азиядағы ең таңдаулы Елордасына, Еуразияның пальмирасына айналады»,- дейді Ақаев.
Сөз соңында Қырғызстан президенті Қазақстан халқын 2004 жаңа жылмен құттықтап, «бейбітшілік пен табыс, жақсылық тіледі» .

Соңғы жаңалықтар