«Я не казашка, я узбечка»: Қазақ тіліне қатысты тағы да келеңсіз оқиға орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Я не казашка, я узбечка»: Қазақ тіліне қатысты тағы да келеңсіз оқиға орын алды

«Я не казашка, я узбечка»: Қазақ тіліне қатысты тағы да келеңсіз оқиға орын алды

Қазақ тіліне қатысты тағы бір келеңсіз оқиға Шымкенттегі торт сататын дүкендердің бірінде орын алған.

  • 18 Ақпан 2020
  • 596
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Zamana.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды. Басылымның жазуынша оқиға кешкі уақытта болған.  

Жұмыстан кештетіп шыққан едім. Үйге торт алмақ болып, кондитерлік дүкенге кірдім.

Содан өзіме ұнаған тортты таңдап алып, кассаға барғанымда онда отырған қыз торттың құнын: «Три тысячи двести тенге», – деп орысша айтты. Мен қазақша айт дедім. Ол тағы қайталап орысша айтты. «Неге қазақ тілінде жауап бермейсің?» – десем: «Я не казашка, я узбечка», – дейді. Бәрін түсініп тұрса да қырсығып, қазақша жауап бергісі келмейді.

Мұндай жағдай бір емес, бұрын да бірнеше рет болған. Ол кезде де осы өзбектің жап-жас қыздары кассада орысша сөйлеп қақаңдап тұрды. Әкімшіліктеріне талай ескерттім. Бірақ нәтиже жоқ.


Қысқасы, Шымкент қаласындағы кондитерлік дүкеніне бойкот жарияладым. Сіздерді де соған шақырамын.

Негізі мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген осындай дүкендерді сотқа беруге бола ма? Осы жағдайдан соң өзге ұлттарды қалай сыйлаймын?! Менің тілімді сыйламаған адам менің ұлтымды сыйламайды деген сөз!