Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Алматы. 28 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 27 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясының делегаттары Халықаралық атом энергиясы агенттігінің баяндамасын тыңдады. Оны таныстырған Халықаралық атом энергиясы агенттігінің атқарушы директоры Мұхаммед аль-Барадеи әсіресе дамушы елдерде ядролық энергияға деген сұраныстың артуы ядролық материалдардың лаңкестер қолына түсіп кету қаупін тудырып отырғанына назар аударды, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті