Яндекс такси Қазақстандағы 500 мың таксишіге әлеуметтік төлемін аударуға міндеттеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Яндекс такси Қазақстандағы 500 мың таксишіге әлеуметтік төлемін аударуға міндеттеледі

Яндекс такси Қазақстандағы 500 мың таксишіге әлеуметтік төлемін аударуға міндеттеледі

 

  • 15 Наурыз 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде Сенат отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қазір біздің елде тек Яндекс таксидің өзінде қазір 500 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы платформалық жұмыста 1 миллионға жуық азамат жұмыс істейді. Қазір оларға осы жұмыс икемді болғандықтан, табыс көзінің бірі болғандықтан, олардың бүгінгі жұмысына ешқандай кедергі келтірмейтін, бірақ оларды формальды жұмыс істеп жүрген азамат ретінде тану үшін егер сол платформаға кірген болса, яғни жариялы келісімшарт қол қойса, онда ол азамат тәуелсіз жұмыскер ретінде танылады», — деді Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, осы кодексте плафторма салық агенті ретінде қарастырылып жатқанын атап өтеді


«Яғни сол азаматтар үшін салыққа немес әлеуметтік қамсыздандыруға төленетін қаражаттарын салық агенті ретінде платформаның операторлары төлейтін болады. Болмаса азаматтың өзі жеке кәсіпкер ретінде төлейтіндей мүмкіндік қарап отырмыз. Ол азаматқа әлеуметтік төлем төленетін болса, оның қажетті көмекті алуына құқығы болады», — деді ол.

Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап осы санаттағы азаматтар үшін салыққа байланысты төлемдердің режимі оңтайланатын болады.

Соңғы жаңалықтар