Я.Шведова Австралия чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 497.33
  • 586.7
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Я.Шведова Австралия чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды

Я.Шведова Австралия чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды

 Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралия ашық чемпионатында қазақстандық Ярослава Шведова пуэрто-рикондық Моника Пуигті 6:2, 7:6 есебімен ұтып, үшінші айналымға жолдама алды.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Чемпионат.ком сайтынан түскен мәліметке қарағанда, әлемнің 66-ыншы ракеткасы Я.Шведова енді қытай қызы, дүниежүзілік сатыда 21-інші орында тұрған Пэн Шуаймен кездеседі. П.Шуай — Қытай елінің басты үміті. Өйткені Австралия ашық чемпионатының өткен жылғы жеңімпазы, қытайлық Ли На 2014 жылы спорттық жолын аяқтаған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін сондай-ақ қазақстандық Зарина Дияс словакиялық Анна Шмидловамен үшінші айналымға шығу үшін таласады.