Жартылай финалда қазақстандық спортшы венгриялық теннисші Тимея Бабошты 6:2, 7:6 ұпайымен ұтты. Айта кетейік, WTA рейтингінде венгриялық теннисші 68-інші, ал қазақстандық спортшы 161-інші орында тұр. Турнирдің бас жүлдесі үшін Я.Шведова Нидерланды елінің өкілі Кики Бертенспен ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, ITF сериясы бойынша әйелдер арсындағы жарыс Халықаралық теннис қауымдастығының жетекшілігімен өтеді. ITF-тің ерлер және әйелдер арасындағы Satellite tournament и Futures Tournaments турнирлерінен тұратын жарыстары кәсіпқой теннистің баспалдағы болып табылады және осы бәсекелердің нәтижелері ATP және WTA рейтингтерінде ескеріліп, теннисшілердің сыйақысы бұдан да үлкен жарыстарға қатысуына жол ашады.