Я.Шведова мен В.Кинг жұбы Жапонияда өтіп жатқан HP Open халықаралық турнирінің финалында ұтылып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Я.Шведова мен В.Кинг жұбы Жапонияда өтіп жатқан HP Open халықаралық турнирінің финалында ұтылып қалды

Я.Шведова мен В.Кинг жұбы Жапонияда өтіп жатқан HP Open халықаралық турнирінің финалында ұтылып қалды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова американдық Вания Кингпен жұптасып, Жапонияда өтіп жатқан HP Open халықаралық турнирінің финалында ұтылды,

  • 17 Қазан 2011
  • 435
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Ширек финалда олар Елена Данилиду мен Манди Минелла жұбын 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда американдық жұп Рэгил Копс-Джонс пен Абигэйл Сперстен басым түскенімен ақтық сында жапондық-қытайлық жұп Кимико Дате-Крумм мен Шуай Жангке үш сетте 5:7, 6:3, 9:11 есебімен есе жіберді.