”Ыбырай Алтынсарин шоқынды деген рас па”: Ғалым жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.54
  • 553.24
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ыбырай Алтынсарин шоқынды деген рас па”: Ғалым жауап берді

”Ыбырай Алтынсарин шоқынды деген рас па”: Ғалым жауап берді

Педагог-ғалым, ақын Серікбай Оспан Ыбырай Алтынсарин туралы бар шындықты айтты.

  • 30 Наурыз
  • 8
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ыбырайтанушы ғалым ”Адырна” YouTube арнасына берген сұхбатында журналистің “Ыбырай шоқынды деген рас па” деген сұрағына жауап берді.

”Осы әңгіме менің жүйкеме тиеді. Оның шоқынуы мүмкін емес. Ресейде 7 жыл оқыды. Әкесі 9 жасында мектепке орналастырған. Ол тек ғана Алланың жолында болған адам. Орынборда 7 жылдық мектеп ашылғанда, оның артында бізді шоқындыру жатты. Ал олар бізді еркін бағындырып алғанша біздің тілімізге, дінімізге “керемет қамқор” болды. Ол кезде қазақ қандай тамақ ішсе, соны беріп, киіз үйлер тігіп тастап, бәрін атқа мінгізді. Ешқандай секем алмасын деді. Бірінші жазатын адам өз ұлтынан болсын деді. Қазақ тіл грамматикасын алғаш жазған Николай Ильминский. Ыбырай жоғары курсқа барған кезде құранды үйреткен. Орынбордың ахуны Мұса сабақ берген. Құранды тек ғана жаттатып қоймай, онда не айтылғанын басқаларға түсіндіретіндей жағдайға жеткізген. “Менің тойыма бірде-бір адам келмесін, 99 адам молда келсін” деп жазып кетті. Қазаққа жанашыр бір адам болса, ол — Ыбырай Алтынсарин”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың да еңбегіне тоқталып, оны “Пайғамбардан кейінгі адам” деп атады.

”Мен Ахаңа қай жағынан да бас иемін. Егер Мұхаммед пайғамбардан кейін пайғамбар керек болса, мен тек Ахаңды айтар едім. Оның ісі — пайғамбарлық іс. Ана тілді қалыптастырған, ғалымдығын ешкіммен салыстыруға келмейді. Әл-Фараби, Аристотельмен ғана салыстырасың. Ғажап! Сонда бітіргені 6-ақ класс”, — дейді ол.