"Үй әперемін деп халықтан ақша жинап, уәдемен алдаған отбасы бүгін далада қалды": Ілия Сариевтің былығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.03
  • 584.82
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үй әперемін деп халықтан ақша жинап, уәдемен алдаған отбасы бүгін далада қалды": Ілия Сариевтің былығы ашылды

"Үй әперемін деп халықтан ақша жинап, уәдемен алдаған отбасы бүгін далада қалды": Ілия Сариевтің былығы ашылды

“Қазақтың Робин гуды” деген лақап атпен танылған «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сариев былығы әшкере болды.

  • 16 Сәуiр
  • 59
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Instagram-дағы stories-де жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ілияс үй әперемін 1 жыл бойы уәдемен алдаған отбасы бүгін далада қалды. Нұрсұлудың мүгедек баласына жинаған ақша да Ілиястың қалтасына кетті. 3 бала Ілиясқа сеніп, 8 ай сабақтан қалды», — деп жазды журналист.

Ілияс Сариевтің ұсталғаны жайлы ең алғаш заңгер Нұрсұлтан Орынбеков жазған еді.

«Қазақ робин гуд Ілияс Сариев алаяқтық бабы бойынша ұсталды. Бірнеше адамнан алаяқтық әрекеті бойынша арыз түскен еді. Қазір сол бойынша ұсталғаны белгілі болды. Алданғандар болса, Алматы ІІД-не арыздансаңыздар болады», — деп жазды заңгер.

Заңгердің айтуы бойынша Ілияс Сариевтің кесірінен 3 адам ажал құшқан. Тіпті зардап шеккен отбасылармен кездесіп, тікелей эфир жүргізді.

Марқұмның жақындарының айтуы бойынша Ілияс емге ақша жинау деп 6 миллион жинаған. «Сіздер Үндістанға бара беріңіздер, ақшасын артынан саламын» деп аттандырып жіберген. Барған соң ақша да, Ілиястың өзі де ұшты-күйлі жоқ болып кеткен. Ақыры жоспарланған ем болмай, науқас сол елде қайтыс болған.

Жақында журналист Руслан Өтепбай қайырымдылық қоры Бекзат есімде екіншті топтағы мүгедек баланың баспанасын табыстамағанын айтты.

2024 жылдың маусым айында Ілияс Сариев Бекзат есімді екінші топтағы мүгедек баланы видеоға түсіріп, сбор ашады. Небәрі 4-5 күннің ішінде Ілияс Бекзат үйлі болды деп елден сүйінші сұрайды.
Бірақ мұнын барлығы жалған болып шығады.
Бекзаттың үйі деп көрсетілген баспана мүгедек балаға әлі күнге дейін бұйырмаған.

Осыдан біраз уақыт бұрын «Елге көмек» қайырымдылық қорының былығын Гүлмира Әбіқай ашып, өзінен көмек сұраған келіншектің үнін жеткізген еді.

«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «Апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», — дейді алматылық келіншек.