Оның сөзінше қазір бәрі бар, сол себепті әйел адамдар барынша дамуы тиіс, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қалдыгүл Жаппарқызы жас келіндерге дамуға барынша мүмкіндік беру керек екенін айтты.
«Алту ұят, бірақ дегенмен де айтайын, мен әйел затының өзін дамытып, дамығаны жақсы деп ойлаймын. Біздің кезімізде отыр десе отырдық, тұр десе тұрдық, отырған опақ, тұрсаң сопақ деген нәрсеге көндік. Ал қазіргі жастар оған көнбейді.
Бізден ақылды олар. Жас келінді дамытқан дұрыс. Қазір үй сыпырып, пол жуу проблема емес қой. Қазір стиральная машинаға саласың, жуып қоя салады. Ол керек емес, керісінше әйел затын, келінді дамытқан дұрыс. Онымен ұрысып, өршілесіп отырғаннан гөрі.