Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
ЕРЛЕРДЕ
Ғалымдар 20 жыл бойы 45 пен 85 жас аралығындағы адамдарды бақылап, олардың отбасылық жағдайының физикалық және психикалық денсаулыққа, әлеуметтік әл-ауқатқа және жалпы жағдайына қалай әсер ететінін зерттеді.
Зерттеу нәтижелері бойынша үйленген ерлер ешқашан үйленбеген қатарластарына қарағанда баяу қартаятыны анықталды. Алайда бұл тек олар некеде қалған жағдайда болған, себебі ажырасу, жұбайынан айырылу немесе әйелінің қайтыс болуы денсаулыққа көбінесе кері әсер етеді.
ӘЙЕЛДЕРДЕ
Ал әйелдер үшін тұрмысқа шығу қартаю үдерісіне айтарлықтай әсер етпейді. Керісінше, жесірлер мен ажырасқан әйелдер ешқашан тұрмыс құрмаған әйелдерге қарағанда денсаулық мәселелеріне жиі тап болады.
Мамандар мұны әйелдер жалғыздықпен жақсы күресе алатынымен түсіндіреді. Әйелдер үшін романтикалық қарым-қатынас көбінесе қосымша міндеттер мен стресс әкеледі. Сонымен қатар, жалғызбасты әйелдер өміріне ер адамдарға қарағанда жиірақ қанағаттанады.
Дегенмен, тұрақты некенің денсаулыққа пайдалы екенін атап өткен жөн. Ол депрессия мен созылмалы аурулардың қаупін азайтады.