Үкіметтің экономикалық блогы бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде - Олжас Бектенов - kaz.caravan.kz
  • $ 527.23
  • 544.05
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтің экономикалық блогы бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде - Олжас Бектенов

Үкіметтің экономикалық блогы бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде - Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында жақын арада бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер ұсынылатынын атап өтті.

  • 8 Қаңтар
  • 5
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олжас Бектеновтың айтуынша, мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде.

«Президент “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Біз қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет.  Осыған орай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Мақашұлының жетекшілігімен Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты мәселелер де бар. Аталған тәсілдер сарапшылар қауымдастығымен жан-жақты талқылаудан кейін ұсынылады», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.