Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары бекітілді

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2025 жылға арналған жоспары бекітілді

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмысының жоспары мақұлданды.

  • 6 Қараша
  • 5
Фото: primeminister.kz сайтынан алынды

Жаңа редакцияда 6 заң жобасын әзірлеу, сондай-ақ қолданыстағы 13 нормативті-құқықтық актіге түзетулер енгізілмек, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр 19 заң жобасының 12-сі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдар экономиканы орнықты дамуына, денсаулық сақтау жүйесін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ауқымды заңнамалық бастамалар топтамасын дайындауы тиіс.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде жоспар жобасы қаржы нарығын тұрақты дамытуға және кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыруға бағытталған «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа Заңды әзірлеуді көздейді. Сондай-ақ сайлау заңнамасын, мемлекеттік қызметті, міндетті медициналық сақтандыруды, денсаулық сақтауды дамытуды, баламалы энергия көздерін, телекоммуникация нарығын және деректер орталықтарын жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Үкімет мүшелері ұсынған жоспар жобасын мақұлдады. Премьер-министр биылғы жоспарының қалған барлық заң жобасын Парламентке енгізу жұмыстарын аяқтауды және сапалы сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырды.