"Үлкен бастарын иіп Зәкең мен Мақпал апамыз келген": Қарақат Әбілдина ерекше естелігімен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Үлкен бастарын иіп Зәкең мен Мақпал апамыз келген": Қарақат Әбілдина ерекше естелігімен бөлісті

"Үлкен бастарын иіп Зәкең мен Мақпал апамыз келген": Қарақат Әбілдина ерекше естелігімен бөлісті

Қарақат Әбілдина Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісоваға қатысты естелігімен бөлісті.

  • 13 Мамыр
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қарақат Әбілдина өнердегі әпкесінен бағалы сыйлық алғанын да жасырмады.

«Майра апамыздың 70 жас мерейтойына арналған үлкен концерт жоғары деңгейде өтті.

Есте қалған ерекше сәті Мақпал апамның сахнаға шыққан кезі. Халық дүр сілкінді. Толассыз соғылған шапалақ пен ыстық ықылас сахна сыртында тұрған бізге жетіп жатты, сезіліп тұрды. Халықтың жүрегінен орын алған Мақпал апамызға көрсетілген бұндай құрмет-қошемет басқа ешқандай әншілерге жасалмаған. Өнер адамы үшін, әртіс, әнші үшін бұдан асқан бақыт бар ма?! Бұл көңілі дархан, қазақ даласындай кең, қолы ашық, күлкісінің өзі бренд, үлкен адамгершілік иесі болғанынан деп білем.

Әлі есімде… . Домбырамды арқалап, үлкен сахнаға имене шыққан кезде Заманбек ағамыз бен Мақпал апамның ықыласын көрдім.

Оқу аяқтап диплом алған жылы ғой , Қыдекең екеуіміздің кішкентай шаңырағымызға үлкен бастарын иіп Зәкең мен Мақпал апамыз, көзі тірі Мадина Ералиева апамыз құтты болсын айтып келген еді. Сол кезде Мақпал апам қолыма алтын сағатын салып, “менің жолымды берсін!” деп батасын бергені бар. Ең алғашқы алтын сағатымды Мақпал апамнан алған баға жетпес сыйлық ретінде әлі сақтап келем.

Зәкең: “Қыдырәлі, өнер адамы деген бөлек әлем. Қолыңнан келсе, Қарақатты өзіңмен бірге үлкен сахнаға алып шық, өнер жолынан алыстатпа! Мен сияқты алақаныңа салып аяла! Бұл сондай құрметке лайық бала”, — деп өнерімді оң бағалаған. Аллаға шүкір, аузы дуалы үлкен кісілердің батасын алғаннан жаман болған жоқпыз. Бұндай естеліктерді қалайша ұмытайын?!

Кешегі концерке Майра апамызды қолдап келгені, Халық әртістерінің бір-біріне құрмет көрсетуі қандай жарасымды көрініс!», — деп жазды ол.